19.04.2016, 15:58
Оқылды: 30

Жақсы дәстүр жалғасы

Janakala agash otirgizu      Бабаларымыз «Үй сал, ұрпақ сүй, ағаш ек» деп тегін айтпаса керек.  Өйткені, әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесіне саялап, кәдесіне жаратса, оның өзі үлкен сауапты іс. Осындай сауапты іс 16 сәуір күні Жаңақала ауданында  болып өтті. Ол-«Ағаш отырғызу» акциясы. Республика көлемінде өтіп жатырған «Ағаш отырғызу» акциясына аудан бойынша 7560 адам атсалысып, 4375 түп ағаш отырғызылды.


     Акцияға мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, ұстаздар және ауыл жастары қатысты. Рухани орталық, аудандық аурахана, жұмыспен қамту бөлімі сынды аудан орталығындағы бірнеше мекемелердің аулаларына талдар отырғызылып, гүлдер егілді.  Сол күні «Ағаш отырғызу» акциясымен қоса аудан орталығы мен ауылдық округтердесенбіліктер ұйымдастырылды.  Тазалық күні ауыл ішінен 9 техникамен 630 тонна  қоқыс  шығырылып, арнай орынға төгілді. Осындай игі шараға атсалысқан ауыл тұрғындары мен мелекеттік қызметкерлер демалыс күндерін қызықты етіп өткізіп қана қоймай, ауылды көгалдандыруға өз пайдаларын тигізді.

www.zhaikpress.kz

Н.ҒАББАСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале