25.06.2016, 13:12
Оқылды: 89

ЖАҢАЛЫҒЫҢ ЖАҒЫМДЫ, ҚАЛАМЫҢ ҚАРЫМДЫ БОЛСЫН, МӨЛДІР!

zhanalygyn zhagymdy24 маусым күні Қазталов  аудандық сотында байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесі қарсаңында дөңгелек үстел өткізілді.


Іс-шараға Қазталов  аудандық сотының судьясы Әсел Жамантаева  және кеңсе мамандары қатысты. Аудандық соттың судьясы Әсел Жамантаева, «Ауыл айнасы» газетінің жауапты хатшысы  Мөлдір Төлекенованы кәсіби мерекесімен құттықтап,  сот жүйесінің қызметін ақпараттық жариялаудағы белсенді жұмысы үшін ризашылығын  білдіріп, алғыс хат табыс етті.  Сонымен қатар  сот қызметкерлері де аудандық соттың қызметіне ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, сот органдары қызметін жария етуде ерекше орын алатынын, ақпарат кеңістігіндегі журналистердің сіңірген еңбегін, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруда қосқан үлесін атап өтті.

www.zhaikpress.kz
Жұлдыз АСҚАР
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале