14.01.2016, 13:05
Оқылды: 33

Жаңашылдықтар мен жаңартулар талқыланды

2016-01-14 13.54.19Зеленов ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызмет саласына енген өзгертулерді түсіндіруге арналған «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Шараға ауданның бөлім басшылары, бас мамандар, мемлекеттік қызмет ардагерлері, Переметный ауылдық округінің әкімі Аян Халауетдин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров және жиынға арнайы шақырылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жақсат Мұратов пен аталған департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі басшысының міндетін ақарушы Әзілхан Мұқашев қатысты.

Шараны ашып, жүргізген аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов: «Елімізде жаңа 2016 жылдан бастап Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс жасай бастады. Мемлекеттің саясатын жүзеге асыру мақсатында әрбір салада көптеген реформалар қабылданып, оларды іске асыру қолға алынуда. Осы тұрғыда мелекеттік қызметтің жаңаша қарқынмен дамуға беталысы Елбасы саясатының бағыт-бағдарында шешуші рөл атқаратыны анық. Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар мемлекеттік қызмет саласындағы тың өзгерістерге тоқталып, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тақырыбында сөз қозғамақшы», - деп алғашқы сөзді Әзілхан Өмірханұлына берді.

Ол мемлекеттік қызмет туралы заңға енген толықтырулар мен жаңашылықтар, бос лауазым орнына өтетін конкурсты өткізу тәртібіне енгізілген жаңартулар туралы толық түсінік беріп, дөңгелек үстел қатысушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдар мен заңнамаларын түсіндірген Жақсат Мұратұлы мемлекеттік қызметкердің этика мен заңды бұзған жағдайда қандай шаралар қолданылатынын туралы және қандай мемлекеттік қызметкер орнынан босатылып немесе лауазымынан төмендетілетіні туралы толық мағлұмат берді.
Дөңгелек үстел барысында бұдан бөлек басқа да мәселелер талқыланды.

Жиын соңында Асылұлан Тұрсынұлы кездесуге келіп, ауқымды ақпараттармен бөліскен қонақтарға ризашылығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале