11.11.2015, 18:21
Оқылды: 37

Жаңақазан ауылдық округінде 51 шаруа қожалығы бар

Janakala mal sani azayip baradi   Биылғы күзгі аудан әкімінің «Ашық есік» күндері Жаңақазан ауылдық округінен басталды. Округ әкімі арқылы білген тұрғындардың мәселесі тірелер аудандық мекеме басшыларынан құралған топ алдымен округтегі әлеуметті нысандарды аралап, қысқа қамданыстарын тексеріп шықты.

Тұрғындар жиынында күн тәртібіне бес мәселе қойылды. Бірінші болып ауылдық округтегі атқарылған жұмыстар жайында ауыл әкімі С.Ғұбашевтың хабарламасы тыңдалды. Ол округте 2508 тұрғын, 51 шаруа қожалығы, 20 дүкен барын, биыл жоспарланған 12000 тонна шөп жиналғанын, оның қысқа кіретін малға жеткілікті екенін көпшілік назарына берді.

Округтегі мал дәрігерлік жұмыстарға аудандық ветеринариялық бөлім басшысы М.Нұрғалиев талдау жасады.

Биыл бұл округте 111 бас сиыр малы, 12 қой мен 2 түйе бруцеллезге оң нәтиже бергенін айтқан ауданның бас мал дәрігері өткен жылмен салыстырғанда ауру мал саны сиырда 38 басқа, қойда 30 басқа кемігеніне назар аударды. Ол мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысы екенін де еске сала кетті.

Округтегі ауру мал шыққан 30 қораның түгел бұқырланғаны оңды іс болса да, мал моласындағы шашылып жатқан өлікселер құптарлық іс емес-ті.

Мұнан кейін аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.Оразғалиев «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының  округтегі іске асуына тоқталды.

Бір қызығы – кездесуде ортақ мәселеге ой қосар ешкім болған жоқ. Тұрғындар жиынын аудан әкімі Л.Хайретдинов қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ Тұрақбайұлы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале