12.02.2016, 15:27
Оқылды: 23

Жаңақазан кәсіпкерлері қайырымдылық акциясына атсалысуда

Mektep akcia   «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің»Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар.

Қайырымдылық - адамдардың бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Бұл бағытта жаңақазандықтар 10-шы қаңтар мен 10-шы ақпан аралығында «Қамқоршылық» тақырыбында өткен қайырымдылық акциясына өздерінің зор үлестерін қоса білді.


Жеке қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер акцияға шақырту қағазын қолдарына алған бойда-ақ, көмек ететіндіктерінжалпақ жұрттан жасырмады. Тіпті, кейбірі жеке көліктерімен балаларды алып кетіп, киім-кешекпен, оқу-құралмен,азық-түлікпен қамтамасыз етіп, мәрттік танытты. Солардың қатарында жеке кәсібін жаңадан бастаған ауыл тұрғыны Нұржан Бижановда бар. Ол бір өзі бірнеше оқушыны оқу-құралмен қамтыса, жеке қожалық басшылары Серікқали Қарағойшин, «Болат»шаруа қожалығы, «Теміршәріп» ШҚ басшысы Радик Нұрғалиев,сондай-ақ мектеп ұжымы, кәсіпкерлер Нұрзия Сүйінішқалиева, Бақытжан Байрамғалиев,Асылбек Ажығалиев,Жұмагелді Әлекешов,Ерлан Билялов сынды азаматтар мен азаматшалар аз қамтылған отбасылардың қаракөз ұл-қыздарына ата-бабаларының жолымен жомарттық танытып, қол ұшын берді. Нәтижесінде 47 оқушыға 100800 теңге көлеміндегі қаржыға көмек көрсетілді.

         www.zhaikpress.kz

Дариға Зинуллина

Жаңақазан ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале