7.07.2016, 11:23
Оқылды: 21

Жаңақалада Астана күніне орай «Жасай бер, қазақ елі!» атты мерекелік концерт өтті

  Жанакала «Жасай бер, қазақ елі!» Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, 6 шілде – Астана күніне орай «Жасай бер, қазақ елі!» атты мерекелік концерт өтті.

  Жиынға жиналған жұртшылық алдымен ару қаламыз Астана туралы баяндайтын, әсерлі бейнероликті тамашалады. Мұнан кейін аудан әкімі Лавр Хайретдинов сөз алып, жаңақалалықтарды айтулы мерекемен құттықтады. Сосын бірден концерттік бағдарламаға кезек берілді.


   Үлкен дайындықпен, мол ізденіспен өнер көрсеткен аудан өнерпаздары концерт барысында ел ықыласына бөленіп отырды. Айта жүрердей шынайы, тартымды, тағылымды кеш халықты еш жалықтырмай, мағыналы кейпінде мәресіне жетті.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале