8.07.2015, 10:47
Оқылды: 34

Жаңақалада асфальтқа сурет салудан байқау ұйымдастырылды

JAnakala Astana suret   Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында аудан орталығындағы «Достық» алаңында «Ел жүрегі-Астана» тақырыбымен асфальтқа сурет салудан байқауы өтті. Астананың туған күніне орай жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған байқау оқушылардың елімізге, ел ордамыз - Астана қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, әрбір бала бойынан елжандылық, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді оята отырып, балалардың бойындағы талаптарын одан әрі жетілдіру болып табылады. Байқауда 5-12 жас аралығындағы балалар бақтарын сынады. Олар негізінен Астана қаласының символдары - «Бәйтерек» пен «Хан шатырды», «Бейбітшілік сарайы» мен аспанда қалықтаған қыран құстармен ұшақтарды, жайқалған жасыл желек пен әдемі гүлдерді, Ақорда мен әсем ғимараттарды асфальт бетіне түсірді.

Жүректері «Астана» деп соққан өнерлі балаларымыздың өнерлері үстем болып, Астанамыздың мерейі үнемі асқақтай берсін! Елімізді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале