29.09.2015, 18:02
Оқылды: 42

Жаңақалада аудан күні жоғары деңгейде тойланды

12038926_1652228691727761_3115198035842179057_o   Елімізде кәсіби мерекелердің санатына енген Еңбек күні және өңірімізде алғаш рет аталып өткелі отырған аудан күні Жаңақала ауданында жоғары деңгейде тойланды. Ауданда бір күнде сауат ашу медресесі, «Даңқ», «Бейбітшілік» ескерткіші салтанатты түрде ашылып,  мерекелік шаралар легі «Ардагерлер» саябағындағы мәдени көпшілік шараларға ойысты. Мұнда дала қызығы, азық-түлік жәрмеңкесі, спорттық шаралар ұйымдастырылып, аудан жұртшылығы аудан көркемөнерпаздарының концертін тамашалады.

Барша аудан тұрғындарын атаулы күндермен аудан басшысы Л.Хайретдинов құттықтады.

-1972 жылы құрылған ауданымыз өткен мен бүгіннің, бірлік пен жасампаздық әлеуетінің үлгісін көрсетуде.

Бүгіндері ауданымыз қарқынды дамып келеді, ажарлана түсуде және тұрмыс үшін қолайлы болуда. Оның бет-бейнесі өзгеруде, көшелері, саябақтары мен шағын бақтары жақсарып, көз қызықтырады. Жаңағана «Бейбітшілік», «Даңқ» ескеркіштері ашылып, ауылымыздың көрікті жерлері көбейді.- деген аудан басшысы бір топ еңбекүздіктерін марапаттады.
Олардың ішінде «Ауылдық ең үздік округі», «Үздік елдімекен», «Үздік көше», «Үлгілі аула», «Үлгілі мекеме» номинацияларымен қатар әр мекемеден үздік мамандар мен үздік кәсіпкерлер бар.

Мерекелік шара аудан көркем өнерпаздарының ән-шашуымен көмкерілді.

Бұдан бөлек азық-түлік жәрмеңкесі, спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, мереке көркі қыза түсті.

www.zhaikpress.kz

Надежда Есқалиқызы

Жаңақала ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале