3.05.2016, 10:52
Оқылды: 25

Жаңақалада ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті қосалқы бөлшектер сататын жаңа дүкен ашылды

SONY DSC

     Жаңақалалық Батыр Кенжеғалиев ата кәсіпті дамыту арқылы шаруасын дөңгелетіп отырған жандардың бірі. Ол ен даланы малға толтырып қана қоймай, жуырда тағы бір шаруаны ойдағыдай аяқтады. Еңбекқор азамат өз қаржысына аудан орталығынан алғаш рет ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті қосалқы бөлшектер сататын жаңа дүкен ашты.


     Дүкеннің ашылу салтанатына сөз алған аудан әкімі Л.Хайретдинов:

   - Мемлекет басшысы НұрсұлтанНазарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға зор көңіл бөліп келеді. Бұл ел экономикасын дамытудың маңызды саласы болып табылады. Жаңақала малды аудан болғандықтан ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті бөлшектер сататын дүкеннің болуы шаруалар үшін өте қолайлы. Енді аудан тұрғындары Самара, облыс орталығына ат терлетпей-ақ өзіміздің Батырдан алатын болады,-деді.

    Дүкен иесі Батыр Кенжеғалиевтің айтуына қарағанда малды аудан үшін аудан орталығына мұндай дүкен керек.

    -Техника болған соң сынбай тұрмайды. Оны жөндеу үшін қыруар уақыт кетеді. Сондықтан, шаруалар үшін жаңасын сатып алған ұтымды. Біз осы тұрғыда өз өнімдерімізді ұсынып қана қоймай, тапсырыс бойынша да жұмыс істейтін боламыз,– дейді дүкен иесі.

     Айта кету керек бұл нысан ауданымызда ауылшаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер сататын бірден-бір сауда орны  болып табылады. Дүкен сөрелерінен ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті бөлшектердің түр-түрін кездестіруге болады. Мұнда тракторлардың, шөп буушы, шөп шабушы агрегаттардың қосалқы бөлшектері мен тракторға қажетті май сүзгілері, мотор майлары, шөп бууға қажетті  жіптер, т.б. көптеген қажетті бөлшектер сатылатын болады. Бағасы да қала базарларындағыдан қымбат емес. Сондықтан, аудан шауралары үшін тиімді болмақ.

     Алдағы уақытта кәсіпкерөз кәсібін одан әрі кеңейтіп, азық-түлік дүкенін ашуды жоспарлап отыр.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале