4.05.2016, 16:22
Оқылды: 21

Жаңақалада ақпараттық үгіт-насихат тобы құрылды

  Janakala akparattik ygit nasihat   Жаңақала ауданында  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV Сессиясында көтерілген қоғамдық келісім, тіл саясаты, жер мәселесі төңірегіндегі ахуалды аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында ақпараттық үгіт-насихат тобы құрылды. Аталмыш топ өкілдері осы аптада ауданымыздағы мекемелерді аралап, аудан тұрғындарымен кездесулер өткізді.

   Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, сала басшылары мен зиялы қауым өкілдерінен құралған ақпараттық-насихат тобы "Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV Сессиясында айтылған "Мәңгілік елге" апаратын басты құндылықтар жайында сөз өрбітті. Сондай-ақ, "Мәңгілік ел" патриоттық актісін, білім саласындағы реформаларды, жер мәселесіне қатысты заңнамаға түсінік жұмыстарын баяндаған аудандық ақпараттық-насихат топтары, қызметкерлердің пікірлерін тыңдап, ой бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале