28.09.2015, 19:45
Оқылды: 96

Жаңақалада «Бейбітшілік» ескерткіші ашылды.

Janakala audan kyni eskertkish  Жаңақала өңірінде алғаш рет өткізіліп отырған Аудан күніне орай  аудан орталығындағы саябақта «Бейбітшілік» ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға БҚО әкімінің кеңесшісі Е.Салықов,  еңбек ардагері  Ғ.Қарменов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Өтешова, басқа да меймандар және аудан әкімі Лавр Рашидұлы қатысты.

Бағасы бес миллион теңгеге бағаланатын бұл ескерткіш жеке кәсіпкер, мүсінші Р.Шамсудиновке сеніп тапсырылған болатын.  Биіктігі 8 метр ескерткіште  сұм соғыстан жарын, баласын, бауырларын күтіп,  сәбиін бауырына басып, оң қолымен бейбітшілік белгісі саналатын көгершін құсын ұстап тұрған азалы ананың бейнесі бейнеленген.

Ескерткішті ашу рәсімі аудан әкімі Лавр Рашидұлы мен КСРО – ға еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері Айтасов Мүсір Иманқұлұлына берілді. Аудан әкімі Лавр Рашидұлы  жиналғандарды аудан күнімен құттықтап, еңселі  ескерткіштің  маңызына тоқталды. Мүсінші Р.Шамсудиновке аудан тұрғындарының атынан алғысын білдіріп, естелік сыйлық тапсырды.

Сондай-ақ, еңбек ардагері Т.Мұқашев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы  Н.Өтешовааналар,  әйелдер жөнінде өз ойын, пікірін білдіріп,сонау Тұмар ханшайымнан бастап,  Қарашаш, Құртқа, Қорлан және бүгінгі таңда еліміздің дамуына өз үлестерін қосып,  қажымай еңбек етіп  жүрген әйелдердің даналығы мен батырлығы, еңбегі мен күш-жігері  туралы тебірене сөйледі. Ескерткіштің өте орынды қойылғанын айтып,  «Бейбітшілік» ескерткішін орнатуға ұйтқы болғанаудан әкімі Лавр Рашидұлына  және  басқа да азаматтарға өз алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали ҒАББАСОВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале