19.02.2016, 12:40
Оқылды: 45

Жаңақалада белгілі термеші, әнші Сағадат Рахметжановпен кездесу өтті

JAnakala SAgadat   Жаңақала ауданында белгілі әнші, термеші, "Мұхит" қоғамдық қорының жетекшісі Сағадат Рахметжанов пен және күйші Едіге Қуанғалиұлымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімі Л.Хайретдинов, мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Қарағойшин және ұстаздар мен оқушылар өнер сүйер қауымқатысты.  Кездесу басында сөз алған аудан басшысы ата-бабадан қалған асылмұра дәстүрлі өнерді ел ішінде дәріптеп жүрген сахна саңлақтарына "қошкелдің" айтып, тілегін жеткізді.


Бұл күнде республикаға жыраулық дәстүрді насихаттап, ел арасында таланттарды теріп жүрген өнер жанашыры жастарға ұлттық өнер мен салт-дәстүріміздің тәлім-тәрбиелік ықпалын әңгімелеп, жат ағымдармен жат қылықтардан аулақ болып, еліміздің өнерлі, өнегелі азаматы болуға шақырды. Мұғалімдердің сұрақтарына орай емен-жарқын өрбіген әңгіме барысында жасталанттарды тәрбиелеу сүйікті ісі екенін айтып, егер үйренгісі, білгісі келетін өрендер табылса қуана тәрбиелейтінін жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған күйші Едіге Қуанғалиұлы кейбір күйдің тарихы, домбыраның қадір-қасиеті туралы сыр шертіп, өзінің спортшы Едігеден өнерпаз Едігеге қалай айналғанын жайында әсерлі әңгіме өрбітті.

Кеш барысында бірі әнші, бірі термеші белгілі күйші-жыраулардың шығармаларын әсем әуен, сырлы сазбен орындап, көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Жасөнерпаз Сиғватолла Ешкаевта жырдан шашу шашып, өз өнерін көрсетті.

Кеш соңында аудан басшысы киелі күй елімен әріптестік байланысы үзілмей, дүлдүлдерді шығара бер деп өнер иесіне Алғыс хат пен Жаңақаланың тарихынан сыр шертетін кітаптар сыйға тартты.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале