21.12.2015, 19:58
Оқылды: 28

Жаңақалада боранның салдарынан бір адам қаза болды

Boran   Жаңақалада 2015 жылдың 17 желтоқсан күні түтеген долы боран бейқам отырған ауыл тұрғындары мен қыстақтағы қарапайым малшыларды әбден әбігерге салды. Бас көтертпеген табиғаттың төтен мінезінің салдырынан кейбір малшылар бағыт таба алмай, ықтасын іздеп ығып кеткен болатын.


 Аудандық ішкі істер және төтенше жағдайлар бөлімдерінің мәліметінше Жаңақала ауданына қарасты Мәстексай ауылдық округінде 2 адам жоғалса, Жаңажол ауылдық округінде 1 адам, Бірлік ауылдық округінде 2 адам, Көпжасар ауылдық округінде 1 адам үйлеріне оралмаған.

Шұғыл іздестіру шарасының арқасында аман-есен табылғаны 5 адам. Алайда 1 адам қаза болған... Табылған жандардың малдары түгел, денсаулықтарына зардап келмеген.

 www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале