3.03.2016, 16:49
Оқылды: 18

Жаңақалада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Janakala bos orin jarmenkesi   «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған бұл шараның негізгі мақсаты – жұмыссыздар менжұмыс беруші арасында тікелей байланыс орнату, бетпе-бет жүздестіру арқылы барлық мүмкіндіктерді саралап, тараптардың өз ұсыныстарын еркін білдіруіне жағдай жасау болатын.


Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева: «Бүгінгі өткізіліп отырған шараның маңызы өте зор. Бұл халықты жұмысқа тарту, жастар тәжірибесін одан әрі өрістету мақсатында жасалып отырған қадам,-дей келе жиналғандарға сәттілік тілесе, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров: «Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында халықты әлеуметтік жағынан қорғауға, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуді тапсырды. Осы бағытта, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында аудан, ауыл көлеміндегі жұмыс берушілермен бос жұмыс орындарын анықтап, жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Өткен жылы бос орындар жәрмеңкесі 4 рет өтіп, онда 96 мекемеден 251орын ұсынылды, -деді. Бұл күні ақылы қоғамдық жұмыс орындарын қоса есептегенде 18 мекемеден 44 жұмыс орыны ұсынылса, жұмыс іздеген 50-дің үстінде адам тіркелді. Жалпы 2 математика пәні мұғалімі, 1 информатика пәні мұғалімі, 1 музыка жетекшісі, 2 шаруашылық меңгерушісі, 1 баян сыныбының оқытушысы, іс қағаз жүргізуші, әдіскер, тракторист, 2 күзетші, 2 электрик, 22 ақылы қоғамдық жұмыс, тағы басқа мамандық иелеріне ұсыныс түсірілген. Әсіресе ауданға математика пәні мұғаліміне зәрулік сезілсе, мекемелер «жастар практикасы» бағдарламасының аясында белгілі оқу орнын бітіріп келген мамандарға қажеттілік танытуда. Жәрмеңке барысында байқағанымыз сүліктей жастардың көпшілігі күзетші сықылды жеңіл жұмыстарға қызығушылық танытса, есепші, электромонтер, жұмысшымамандықтарына құжат тапсырушылардың қатары сирек. Ал математика пәні мұғалімі, баян сыныбының оқытушысы қызметтері сол күйі бос қалды.

Жәрмеңкеге қатысқан барша жұмыссыз азаматтар мен азаматшалар мекеме өкілдерімен пікірлесіп, сұрақтарын қойып, түйіндемелерін тапсырып жатты. Бірқатары сол жерде жұмысқа орналасса, енді бірі мекеме өткізетін конкурсқа қатысатын болды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале