2.07.2015, 18:08
Оқылды: 21

Жаңақалада бруцеллез азаймай тұр

Janakala bruselez Мал басы өскен, соның ішінде асылтұқымды малдың үлесі көбейіп отырған Жаңақала ауданында бруцеллез ауруы азаймай отыр. Биылдың өзінде Қызылоба, Мәстексай, Жаңақала ауылдық округтерінде бруцеллез ауруының ошақтарын жою мақсатында шектеу іс шаралары белгіленді. Десе де жүргізіліп жатырған жұмыс әлі де көңіл қанағаттандырмайды. Осыған орай аудан орталығында тұрғындар жиыны өтіп, онда «Жаңақала ауданы бойынша 2015 жылдың 6 айындағы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы туралы» мәселе талқыланды. Жиынға Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың облыстық филиалының басшысы Марат Едресқалиев арнайы шақырылып, қатыстырылды. Сход жиынында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы М.Нұрғалиев күн тәртібіне орай баяндама жасады. Сондай-ақ оны «Республикалық эпитоозтияға қарсы отряд» РММ БҚО филиалының ветеринариялық дәрігері Б.Досмағамбетов хабарламасымен толықтырды.

www.zhaikpress.kz
ӨмірзақАқбасов

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале