26.01.2016, 10:32
Оқылды: 26

Жаңақалада бүйірінде «Аллаһ»деген жазуы бар қозы туды

U

  Жаңақала ауданында оң бүйірінде «АллаҺ», сол бүйірінде «Мұхаммед» жазуы бар қозы туылды.

Төл иесі таңғажайыпты көре сала бірден жергілікті мешіттің имамдарына хабарлаған. Аудандық мешіттің бас имамы М.Жақатов бірден «АллаҺ» және «Мұхаммед» деген жазуларды оқыпты. Мешіт имамының айтуынша бұл отбасының арғы аталары өте сауатты, атақты адам болған.


-Бұл отбасымен жуырдаарғы аталарының құлпытастарын тауып, зерттеу барсында танысқан болатынмын. Арғы аталары Қыдырсейіт бай өте ауқатты бай болған. Мырзат ағаның өз әкесі Басир Кеңес үкіметіне қызмет етуіне қарағанда, үкімет сауаттылығын пайдалануға мəжбүр болған сияқты. Жаңақазаннан он шақырым жерде ата-бабасы жатқан Қошпан соры, 20 шақырым жерде Басир байдың, 15 шақырымдай жерде Бұланай байдың атымен аталатын ауылдар әлі күнге сақталған. Сондықтан Мырзат ағаның қорасында «Аллаһ» және «Мұхаммед» жазуы таңбаланған төл туылуы кездейсоқ емес,-дейді Мұратбек қажы Каспийұлы.

Жаңақала да мұндай ерекше төлдер туылуы алғаш емес. Осыдан 2 жыл бұрын «Аллаһ» деген жазуы бар қозы Бектемір Бекқалиевтің қорасында туылған болатын.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале