3.05.2016, 17:47
Оқылды: 15

Жаңақалада жастар форумы өтті

Janakala jastar forumi     Жаңақала ауданында аудандық ішкі саясат және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы, аудандық «Жастар үні» жастар қоағмдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін» атты аудандық  жастар форумы өтті. Оған «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының, аудандық «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының менеджерлері, аудан жастары қатысты.


     Форумды Қызылоба ауылдық округінің әкімі Н.Бердіғалиев құттықтау сөзбен ашып, тілегін білдірді.

     Форумда ауыл ардагері Т. Масатов, Е.Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Т.Серіков,  аудандық «Жастар үні» ЖҚБ төрағасы Н. Мержанов, Бірлік ауылдық округі бойынша менеджер Б. Қуанышалиев сөз алып, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, еріктілер қатарын көбейту, аудан жастарының белсенділігін көтеру туралы ойларын ортаға салды.

Форум соңы Қызылоба ауылдық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале