14.05.2015, 11:36
Оқылды: 32

Жаңақалада жаңа кітап жарық көрді

Janakala jana kitap  Жаңақала аудандық мәдениет үйінде «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімінде аудан басшысы Лавр Рашидұлы құттықтау сөз алып, естелік кітаптың ертеңгі жас ұрпаққа отты жылдар жарасының іздерін ұмытпау үшін, өткенгі тарихымызды білу және кемел келешек үшін жасалып жатқан шара екендігін айтып, соғыс ардагерлері Мәжит Жаданов пен Арыстанғали Қойысовқа жаңа кітаптың алғашқы даналарын сыйлады.

   «Арыс» баспасымен жарық көрген кітап 6 бөлімнен тұрады. «Жаңақала ауданы  соғыс жылдарында» деп аталатын алғашқы бөлімде ардагерлердің майдандағы және тылдағы ерлік істері түгелдей баяндалады. Одан кейінгі «Қан майданның қаһармандары» бөлімінде ҰОС қатысып, майданнан аман-есен елге оралған жаңақалалық жерлестеріміздің ерен ерліктері, өмірдеректері суретімен берілген. «Ол күндердің даңқы өшпейді» бөлімінде ауданымыз қайта құрылған 1972 жылдан бері майдангерлер туралы газет беттерінде жарық көрген мақалалар жинақталған.

www.zhaikpress.kz

Гүлжанат ТАЛҒАРҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале