9.12.2015, 13:20
Оқылды: 28

Жаңақалада Жолдауды талқылады

Janakala joldaudi talkilau   Жаңақала аудандық орталық ауруханасы ұжымы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.


 

Ауруханада Жолдауды ұжымдық талқылау жыл сайынғы дәстүрге айналған. «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Е.Баязитов Елбасының жаңа Жолдауы жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтынын атап айтты. Медицина қызметкерлері талқылау барысында Жолдауда атап өткен өзекті мәселелерді шешу үшін атсалысу қажеттігіне баса мән берді. Отырыс аясында жаңа әлеуметтік саясаттың бағыттары толық талқыланды.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда 28 пайызға дейін көтерілетіні ұжымды қуантты. Фтизиопедиатр дәрігері, аудандық мәслихат депутаты О.Көбесова Жолдаудағы денсаулық сақтау саласына қатысты туралы мәліметтерді түсіндіріп өтті.

Жиынды қорытындылаған аурухана директоры С.Оразғалиев Елбасы Жолдауын халық арасында түсіндіру, насихаттау мақсатында аурухана қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктелетінін айтып, ұжым мүшелерін Жолдауда айтылған міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале