16.05.2016, 11:59
Оқылды: 34

Жаңақалада мал төлдету науқаны жалғасуда

Janakala mal toldeu     Малшы қауым үшін мал төлдету науқаны - аса бір жауапты кезең. Тек төрт түлік ұстағандарға ғана емес, бұл бүтін бір ауыл шаруашылығы саласы үшін де маңызы зор науқан.


      Бұл науқан Жаңақала ауданында сәтті өтуде.  Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек,ауданда төрт түлік мал бойынша төл алу науқаны 100 пайызға орындалып, алынған төл саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан.

        Атап айтқанда, бүгінгі күнге аудан бойынша 55106ірі қара, 18068 бас жылқы, 1017 бас түйе, 176656 бас қой-ешкі, 5843 құс  есепке алынып, бағылуда екен. Мамыр айындағы есеп бойынша осы аналық бастардан алынған төлдің басы 13778-і бұзау, 61135-і қозы-лақ, 3969-ы құлын, 159 бота болып отыр.

     Бұл көрсеткіштердің биылғы жылдың мамыр айындағы есебі екенін ескерсек, өсім көрсеткіші әлі де арта түсетіні түсінікті. Өйткені кейбір шаруашылықтарда төл алу науқаны әлі де жалғасуда.

 www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале