20.11.2015, 17:47
Оқылды: 19

Жаңақалада Марленнің кеші өтті

Janakala marlennin keshi otti  Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жанынан құрылған А.Ишанов атындағы «Жас қалам» жас қаламгерлер клубының мүшесі, қанатын қатайтып, өнер өлкесіне, өлең әлеміне шарықтап шыққан жас түлектердің бірі – Марлен Ғилымханов.

Қазір М.Өтемісұлы атындағы гуманитарлық университетте білім алып жатқан Марленнің осы оқу орыны аясында шығармашылық кешінің өтуі  оның тілеулестерінің жас таланттың келешегінен көп үміт күтетінін аңғартты.


 

Кеш шымылдығын жаңақалалық жас ақын Орынбек Меңдіқұлов жырмен ашып, ұлағатты ұстаз, профессор Серікқали Шарабасов кеш иесі жөнінде салиқалы пікірін айтты.

Одан кейін Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы, А.Ишанов атындағы «Жас қалам» жас қаламгерлер клубының жетекшісі З.Сисенғали жас ақынға жерлестерінің ыстық сәлемін жеткізіп, Марленнің шығармашылық жолына шолу жасаса, аудандық кітапхана қызметкері Ж.Машерова тілегін білдіріп, гимназия оқушысы А.Бақиев өлеңдерін оқыды.

Шығармашылық кеште Марленнің өзі, әрі бір топ құрбылары жас таланттың өлеңдерін оқыды.

Марлен жөнінде түсірілген бейне көрініс те әсерлі болды.

Кеш соңында қазақ тілі және әдебиеті факультетінің деканы А.Қыдыршаев және Марленнің анасы мен әжесі кешті ұйымдастырушыларға, елден келген оның жерлестеріне алғыстарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале