18.05.2016, 15:44
Оқылды: 14

Жаңақалада мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өтті

Janakala ashik diktant    Бүгін Жаңақала ауданының рухани орталығында және орта мектептерде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған
жалпықазақстандық ашық диктант өтті.


   Мақсаты - «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болатын.

  Ашық диктантқа жастар өкілдері, әр түрлі этнос өкілдері, студенттер мен оқушылар және ниет білдіруші барлық аудан тұрғындары қатысты.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале