30.05.2016, 9:12
Оқылды: 44

Жаңақалада мәдениет қызметкерлеріне арнап ас берді

 

Janakla asЖаңақала аудандық мәдени демалыс орталығы ұжымы мәдениет саласында қызмет атқарып, өмірден озған ардагерлер Сәлекен Қайырғалиев, Мәлік Қайырғалиев, Мамай Отарбаев, Жолай Шарапов, Әслима Лұқпанова, Бақтығали Айтжанов, Қайыр Сұлтақов, Мағзом Ищанов, Мұхамбетқали Кенжеғалиев, Бауыржан Даулетов, Ғайни Жақанғалиева, Алтын Айтқалиева, Қуан Ғалиевтерге құран бағыштап, ас берді.


 

Ас беруге қатысқан мекеме-бөлім басшылары, ардагерлер өкілдері сөз алып, аудан мәдениетінің өткені мен бүгіні, келешегі жайында келелі әңгіме өрбітіп, оқылған дұға-тілектер қабыл болсын десті.

Ал аудандық мешіттің бас имамы М.Жақатов марқұмдарға арнап құран бағыштады.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале