5.07.2015, 9:36
Оқылды: 27

Жаңақалада "Мәңгілік ел және Астана" тақырыбында жастар форумы өтті

Janakala forum     Астана күні мерекесіне орай Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудан жастарының басын біріктірген «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел және Астана» атты аудандық жастар форумы оздырылды. Ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастардың тұлға болып қалыптасуы мен азаматтық позициясын орнықтыруды мақсат еткен форумға аудан әкімінің орынбасары Б.Саматов, «Нұр Отан» партиясының Жаңақала аудандық филиалының орынбасары Р.Саматов, бөлім басшылары мен аудан жастары қатысты.

Жиында ел дамуы үшін аудан жастарының еңбекке, қоғамдық өмірге белсене араласуы, ауданда белсенді жастар қатарын арттыру,оларға қолдау көрсету, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану жолдары талқыланып, жалынды жас М.Ғилымханов, О.Меңдіқұлов Астанаға арнауын жолдады. Сондай-ақ жиында белсенділігімен көзге түскен жастар аудандық "Жастар үні" қоғамдық бірлестігіне салтанатты түрде мүшелікке қабылданды.

    www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале