10.02.2016, 17:03
Оқылды: 17

Жаңақалада «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

 JAnakala nyrOtan sailau   Бүгін Жаңақала аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының  кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті.  Конференцияға партия филиалының төрағасы мен аудандық мәслихаттың хатшысы Закария Жүсіпқалиұлы Сисенғали, аудан әкімінің орынбасарлары,   аудандық  мәслихат депутаттары,  қоғамдық ұйымдар  және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның жұмысшы орган­дары сайланып, күн тәртібі бекі­тілді. Онда басқа мәселелермен қатар биылғы жылдың 20 наурызында өтетін Мәжілістің кезектен тыс сайлауы­на үміткерлердің партиялық тізімі бекі­тілді.


Жиында Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасымен қатар Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадам» және алдағы саяси науқан Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымшылдықпен өткізу бойынша Жаңақала аудандық партия филиалының міндеттері мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары нақтыланды. Алдымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов баяндама жасап, негізгі жұмыстың  басымдықтары мен бағыт-бағдарына тоқталды.

         Мәжіліс барысында партия белсенділері мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері жастар өкілдері жарыссөзге шығып, өз ұсыныстарын жеткізді. Мәжілісті Жаңақала ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Лавр Хайретдинов қорытындылады.

Жиында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының кезектен тыс ХVІІІ-шы  партия  конференциясына делегаттар сайланды.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале