3.11.2015, 15:13
Оқылды: 87

Жаңақалада Нұр-Медина мейрамханасы ашылды

Janakala NyrMedina    Той дегенде қу басымыз домалайтын қазақпыз. Аудан орталығында төрт бірдей зәулім тойханамыз бола тұра, қуанышымызды тойлар кезде орын болмай, 2-3 ай бұрын тапсырыс беріп сарылып кезек күтеніміз шындық. Аудан орталығын қоныс аударушы адамдар көбейіп, халық саны да күн санап күрт өсіп келеді. Осыған орай қарашаның алғашқы күні бәсекеге қабылетті тағыда бір әсем тойхана бой көтерді.

Құрылысы 2013 жылдың маусым айында басталып 2015 жылдың қазан айында аяқталған Нұр-Медина мейрамханасы 200 адамға арнап салынған. Тойхана құрылысына 25 миллион қаржы жұмсалған. Осының ішінде 2 миллион қаржы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасымен ниесиеге алынған. Тойханада қонақтардың көңіл-күйін көтеретін караоке залы да бар.

Жас кәсіпкер Біржан Мұнайдарұлының бастауымен тұрғызылған Нұр-Медина тойханасының салтанатты ашылуына  аудан әкімі Л.Рашидұлы және  ауылдас дос-жарандары мен жақын-жуықтары қатысты. Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі тойхана иелеріне сәттілік тілеп, мемлекетіміздегі «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасындағы екінші бағыттың мақсаты жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтрдың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылатындығын айта отырып, мынау дағдарыс заманнан сескенбей аталмыш бағдарлама арқылы ауданымыздың инфроқұрылымын дамытуға ат салысып отырған жас кәсіпкерге алғысын білдірді. Одан әрі жаңа тойхананың лентасын қию құрметі Л.Хайретдинов пен тойхана иесінің ағайыны М.Ажкеновке берілді. Жаңа заман үлгісімен салынған тойхананың қонақтарын ауданымыздың Т.Шәмелов атындағы фальклорлық ансамбльі күмбірлеген күймен қарсыласа, әжелер шашу шашып ырымын жасады. Қонақтар жайылған ақ дастарханға жайғасқан соң, осы тойхана салынарда басы-қасында жүріп, қолғабыс көрсеткен Б.Насиевтің апасы Нұргүл Насиева  жиналғандарға қош келдің айтып, уақытын бөліп, жас кәсіпкерге қолдау көрсеткен аудан әкіміне  алғысын білдірді. Сондай-ақ, тойхана құрылысымен айналысқан, жоспарлаған мерзімде құрылысты аяқтаған Ермек есімді азаматқа алғыс білдіріп, шапан жапты.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали ҒАББАСОВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале