11.05.2016, 13:03
Оқылды: 19

Жаңақалада Отан қорғаушыларға арналған салтанатты шара өтті

SONY DSC

     Жаңақала ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.Шараға ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, әскер ардагерлері, әскери бөлімнің жеке құрамдары мен аудан тұрғындары қатысты.


     Аудан сақшыларын мерекемен аудан әкімі Л.Хайретдинов құттықтап, еліміз бен жерімізді жаудан қорғап, бейбітшілік орнату жолында батырлық танытып, өмірін қиюға дейін барған аға ұрпақтың ерлігі мәңгі ұмытылмайтынын атап өтті.

    Мерекелік жиын барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Жаданов, А.Қойысов, М.Мирманов, М.Туманов ҚР Қарулы Күштерінің тұңғыш Қорғаныс министрі, халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің медалімен марапатталса, Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жакьяев Альберт Юсуповичтің Алғыс хатына Жаңажол ауылдық округі әкімі Жақыпова Әсия Иманғалиқызы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Теміров Қалаубек Баубекұлы, аудан әкімінің Алғысхатына капитан Қуат Қасенов, сержант Қуаныш Шайхиев, Мирагүл Ерғалиева, Лаура Ильясова ие болды.Жас ұрпаққа әскери патриоттық тәрбие берудегі ерекше еңбегі үшін аудан әкімдігінің Алғыс хатымен М.Жүнісов атындағы ЖББОМ алғашқы әскери дайынық пәнінің оқытушысы Лепесов Әділжан Есенғалиұлы, Жаңақала  ЖББОМ алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Таулин Батыр Болатұлы, №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Жұмагельдин Дидар Уарисұлы марапатталды.

     Сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер Ішкі істер министрінің және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен марапатталды.

     Салтанатты шара соңы аудандық қорғаныс бөлімі және 51809 әскери бөлімі ұжымы дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале