29.04.2016, 11:24
Оқылды: 19

Жаңақалада оқушы бала қылмысты ашуға көмектесті

Janakala okushi komek     Жаңақала ауданы орталығында орналасқан Жаңақала орта мектебінде салтанатты жиын өтті. Оған аудандық ішкі істер бөліміне қарасты жергілікті полиция бөлімінің өкілдері қатысты. Айта кетейік, 2016 жылдың ақпан айында Жаңақала ауылдық округінің Қ.Жантілеуов көшесі бойындағы екі қабатты үйлердің біріне айдың күні аманда ұры түскен еді.


    Бұл бағытта аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Т.Әйтекешов осы ауыр қылмыстың (пәтер ұрлығы) ашылуына себепкер болып, көмек көрсеткені үшін Жаңақала орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ринат Маделиге Жаңақала АIIб бастығы Д.Ашабаевтың Алғыс хаты мен шағын естелік сыйлығын табыстады.

     «Басқа тұрғындарға, оқушыларға Ринаттай ұлдарыңыз үлгі көрсетті. Ел ішінде орын алатын қылмыстарға көз жұмып қарамайық. Батыр балаларымыз көп болғай!» деді құқық қорғау саласының қызметкерлері.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале