8.02.2016, 18:29
Оқылды: 12

Жаңақалада су тасқыны қаупі сейілтілді

Janakala totenshe jaghdai  Кейінгі күндері ауа райының күрт жылуы, жауын-шашынның молаюы сияқты құбылыстар су тасқынына жан-жақты дайындық қажет екендігін көрсетіп отыр. Жаңақала ауданында да  осынау төтенше жағдайға дайындық алдына-ала жасалған жоспар бойынша атқарылуда. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бейбіт Калимулдиннің айтуынша тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық мүмкіндіктер жасалуда. Сенбі күні 8.00-ден бастап аудан орталығындағы суға кету қаупі бар 4 көшеден су сорылып, оған водавоз, 2 мотопомпа, 1 эксковатор, 10-нан астам адам жұмылдырылды. Апаттың уақтылы алдын алған төтеншеліктер бірнеше үйді суға кетуден  аман алып қалды.


Айта кетейік, аудандагы төтенше жағдайға қарсы іс шараларға ауылдық округ, "Коммунал" мекемесі де ат салысты.

 www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале