14.09.2015, 11:23
Оқылды: 70

Жаңақалада «Толағай» жас отбасылар сайысы өтті

Janakala tolagai    Жаңақала ауданындағы жаңа мектеп-гимназияның спорт залында «Отбасы күніне» орай аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Жастар үні» ЖҚҚ-ның ұйымдастыруымен «Толағай» жас отбасылар сайысы өтті. Отбасылық құндылықтарды сақтау, ауданымызда «Отбасы күні» мерекесін атап өту, тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында оздырылған сайысқа 6 жас отбасы қатысты.

Сайыс барысында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Л.Хайретдинов қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш сайыс «Таныстыру бөлімі», «Кенгуру ойыны», «Кім шапшаң», «Мергендер сайысы», «Тартыс ойыны» сынды 5 бөлімнен тұрды.

Аталған кезеңдер бойынша сайысқа түскен жас отбасылар арасынан, өздерінің жеңіске деген құштарлықтарымен, жан-жақты қабылеттерімен жаңақазандық Айтқалиевтар жанұясы жүлделі I орынды жеңіп алды. II орынға Пятимар округінен қатысқан Қажығалиевтар жанұясы иелік етсе, III орын жаңақалалық Гумаровтар  жанұясына бұйырды.

Сайыс соңында барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале