22.02.2016, 17:52
Оқылды: 29

Жаңақалада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай патриоттық әндер байқауы өтті

JAnakala animen terbetti   Жақында Жаңақала ауылы мәдени демалыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Әніммен тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында аудандық патриоттық әндер байқауы өтті. Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, патриоттық шығармалардың отандық авторларына қолдау көрсету, жастар арасында жаңа есімдерді табу, жас таланттардың өнерлерін шыңдау. Оған 14 пен 35  жас аралығында үміткерлер қатысып, патриоттық және еркін тақырыпта ән айтудан бақ сынады. Байқау шымылдығын мәдени демалыс орталығының директоры А.Мүбәрәк ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Сайыс бір күнге созылып, нәтижесінде 14-17 жас аралығындағы жастар ішінен І орынды Сарыкөл ауылынан Диляра Жұмағалиева, ІІ орынды Қызылоба ауылынан келген қатысушы Шарип Жамиля иеленді.

18-35 жас аралығындағы қатысушылар арасынан І орынды жаңажолдық Жалғас Исмагулов, ІІ орынды бірліктік Шындық Каримуллин иеленсе, ІІІ орынды жаңақазандық Мұрадым Қабдолов пен көпжасарлық Нұртас Қайыров өзара бөлісті. Байқау соңында әділқазылар мен ұйымдастырушылар қатысқан талапкерлерге алғыстарын айта келіп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале