18.05.2015, 17:49
Оқылды: 29

Жаңақалада төл алу науқаны жалғасуда

Janakala tol toldeu   Ауылдағы шаруаның бүгінгі мұңы- шаруа науқаны төл алу. Бұл науқан Жаңақала ауданында сәтті аяқталып келеді. Ерте көктем шыға малдарын төлдете бастаған жаңақалалық шаруаларға биылғы көктемнің  тосын мінезі кедергі болар емес. Аудандағы асылтұқымды Еділбай қойын өсіріп отырған Бірлік ауылдық округіне қарасты «Бірлік мал зауыты» ЖШС-нде биыл 12 қыстақта саулық төлдеуде.

Шаруашылық директоры Қанат Ешімовтің айтуынша әрбір 100 саулықтан 90-92-ден аса төл өргізіп, жоспар 100 пайызға орындалуда.

-Мал наурыз айының басынан бастап төлдеп жатыр. Шүкір, бәрі сәтті аяқталып келеді. Қысқа әзірлікті ерте бастадық. Биылғы жылы жем-шөп жеткілікті болды. Тіпті артығымен жетті. Мал қыстан күйлі болып шықты. Енді төл өргізуде «Сейітқызыл» қыстағындағы Қуандық Мамаев, «Қаразагон» қыстағындағы Әдентай Апыров сынды малшылар жоспарды толық орындауда. Төлдету жұмыстары жалғасуда -дейді «Бірлік мал зауыты» ЖШС басшысы.

Қазіргі таңда шаруашылықта көлтабандарға су жіберу жұмыстары жүргізіліп, қысқа дайындық жұмыстары басталып кеткен. Сондай-ақ шаруашылықта 3 табан жылқы, сиыр малдарынан да төл алу жұмыстары да сәтті өтуде.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале