9.07.2015, 9:18
Оқылды: 66

Жаңақалада шөп шабу науқаны қыза түсті

Janakala-shop-shabu Төрт түлігінің қысқы жайын ойлаған ауылдағы ағайын шөп қылтия шабындық іздейтін әдеті. Мал азығы - жан азығы. Осыны ойлаған жаңақалалық шаруалар қысқа ерте камданған болатын.

Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінше биыл 34,2 тонна жем шөп дайындалуы  керек. Шілде айының 10-на дейін ауданда 18 тонна мал азығы дайындалып, қыстауларға жеткізілген. Сонымен қатар жаздың құрғақ болуына байланысты биыл шабылатын шөп көлемі өткен жылғымен салыстырғанда едәуір аз болып отыр.  Қырдағы шөптің өнімділігі гектарына 3,5 центнерден болса, қазіргі таңда 51,4 га жерге шалғы түсті. Аудан бойынша жүзеге асырылып жатқан шабындық жұмыстарына 200-ге жуық техника жұмылдырылып, қырдағы қызу жұмыс қыза түскен. Сондай-ақ,өткен жылдан қалған 16,2 тонна жем-шоп қоры да есепке алынуда.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале