3.05.2016, 17:57
Оқылды: 25

Жаңақалада «Қазақстан барысына» іріктеу өтті

Janakala barisi    Жаңақала ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Елбасымыздың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің аудандық іріктеу жарысы өтті.

     Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген байрақты бәсекеге аудан 9 ауылдық округ және аудан орталығының палуандары қатысып, бақ сынасты.


     Тартысты бәсекенің финалдық кездесуі жас палуан Ернар Ғұбайдуллин мен Жанболат Гумаров арасында өтіп,  І орынды жарыс барысында қарстылас шақ келтірмеген жаңақалалық Жанболат Гумаров жеңіп алды.

     Жеңімпаздар жарыс дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале