20.11.2015, 9:46
Оқылды: 49

Жаңақалада қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Jankala kauzagan 01    Жаңақала ауданында осыдан екі жыл бұрын құрылған қоғамдық келісім кеңестері қоғамдағы олқылықтардың азаюына, әлеуметтік проблемалардың реттелуіне, билік халықпен тығыз араласып, елдің тыныс-тіршілігін көре білуіне жұмыс жасауда ма? Қоғамдағы өзекті мәселелерді өзара шешетін қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс барысы қалай? Осындай келелi мәселелердi қаузаған аудан әкімі Л.Хайретдиновтің төрағалығымен өткен жиынға мекеме мен кәсіпорын басшылары, жастар ұйымдары, ауылдық округ әкімдері, округтегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар БАҚ өкілдері қатысты.


 

Кеңес барысында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы З.Сисенғали аудандык когамдык келiсiм кеңесінің жыл ішінде атқарған жұмысын саралап, қоғамдық келісім кеңестерінің құрылуы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттарының бірі екеніне тоқталып өтті. Сонымен қатар ол ауданымызда Кеңес жұмысының баяулығын сынға алып, кейбір округтерде қоғамдық келісім кеңесінің «есік қақсаң ашпайтын» дәрежеде екеніне қынжылды.

Одан кейін Мәстексай ауылдық округінің әкімі С.Мұхамбетжанова округтегі қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын баяндаса, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапиқов қоғамдық ұйымдардың қоғамдық мәселелерді шешудегі ролі жөнінде келелі ой қозғады. Баяндамадан бөлек кеңесте сөз алған Жаңажол ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Хайырбеков билік пен қоғамдык келiсiм кеңесі арасында байланыс жоқтығын айтып, осы бағыттағы жұмысты жандандырса ауылдағы қылмыс, дін, басқа да әлеуметтік мәселелер шешімін табар еді деген ұсыныс айтса, аудандық электр торабының басшысы Ш.Әбуғалиев пікірі бұл орайда халықтың белсенділігі төмен дегенге саяды.

JAnakala kauzagan 02

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Л.Хайретдинов зиялы қауым өкілдерінен құралған Кеңес жұмысынын жандандыру кажеттiгiн, жастарды жақсы істерге тарту керектігін айтып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

www.zhaikpress.kz

 Н.ЕСЕТОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале