16.05.2016, 12:05
Оқылды: 21

Жаңақалада қоғамдық кеңес отырыс өтті

SONY DSC

   Жаңақала ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Оған аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудан әкімінің орынбасарлары мен кеңес мүшелері қатысты. Жиналысты аудандық мәслихат хатшысы, кеңес мүшесі З.Сисенғали жүргізді.


    Кеңесте ең алдымен аудан орталығын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты мәселе қаралып, аталған мәселе бойынша Жаңақала ауылдық округі әкімі Е.Танзенов баяндама жасады. Оның айтуынша, ауыл әкімдігі тарапынан аудан орталығын көркейту-көгалдандыруға, күтіп-баптауға және санитарлық тазалықты жүргізуге жыл сайын қомақты қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан орталығындағы көшелерге жарықтар орнатылып, жолдар тегістеліп, ағаштар отырғызылды. Көше атауларының кестелері жаңартылып, тұрғындар көше суымен қамтылмақ. Биыл аудан орталығындағы «Ардагерлер» саябағына күрделі жөндеу жүргізіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тәуелсіздік монументі орнатылмақ. Дегенмен атқарылған жұмыстарға қарамастан аудан тұрғындары тарапынан айналаны, ауданда 6 саябақ, ескерткіштер орналасқан қоғамдық орындарды ластап, бүлдіріп кету фактісі азаймай отыр. Қоқысты арнайы орынға тастамау,  өзінің тұрмыстық қалдық заттарын уақытында шығармау, қоқыс төгетін орын үшін ақша төлемеу, малды арнайы бағымға қоспау үрдісіжиналыс сайын тұрғындар қаперіне берілгенімен тұрғындар өз жауапкершіліктерін сезінер емес.

    Бұдан кейін жоғарыда аталған мәселе бойынша ұсыныстар тыңдалып, талқылаулар болды. Әсіресе ардагер К.Ілиясов тұрғындармен қатар ауылдық округ, жергілікті полиция жұмысының белсенділігі төмендігін сынға алды.

    Қоғамдық кеңес мүшелері әр адам ауыл аймағының санитарлық тазалығы мен көркейту-көгалдандыру жұмыстарына да бір­кісідей бірлікпен жұмыла кірісу қажеттігін айтып, көше комиттеттерінің жұмысын жандандыру, мекеме ұйым қызметкерлерін жергілікті полициямен кезекшілік кестесін құру сияқты ұсыныс тастап, қаулы қабылдады.

 www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале