26.08.2015, 17:35
Оқылды: 39

Жаңақалада құрылыс материалдарын сататын дүкендер көбейді

 

курылысЖаңақала ауданы - облыс орталығына қашық жатқан аудандардың бірі. Әйтсе де, соңғы кезде әлеуеті көш ілгері аудан орталығына көшіп келушілер саны артып, сәйкесінше құрылыс та қарқын алды. Сөйтіп, аудан орталығында құрылысқа қажетті материалдарды сататын орталықтар үлкен сұранысқа ие болды.

«Әрекет түбі - берекет» деп  ұққан жаңақалалықтар соңғы кезде кәсіпке бет қойды. Оның ішінде азық-түлік дүкенімен қатар құрылыс заттарын сататын дүкендерді көптеп ашып, нарық қажеттілігіне сай қызмет етуде.  Қазіргі таңда аудан орталығында «Шебер», «Құрылыс әлемі», «Құрылыс  заттары» сынды онға жуық құрылыс дүкендері ашылып, халық сұранысын өтеуде. Олар дүкенге тауарды көршілес Ресейдің Самара, Саратов қалаларынан, облыс орталығынан тасымалдайды. Аудан тұрғындары үшін құрылысқа қажетті материалдарды аудан орталығынан алған тиімдірек. Бағасы аса қымбат емес, шығын да аз.

Сөйтіп, нарықтың тілін тапқан жаңақалалықтар кәсібінің нәсібін көруде.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале