7.09.2015, 10:12
Оқылды: 21

Жаңақалада құрылыс қарқынды

Janakala kyrilis karkindi Соңғы жылдары Жаңақала ауданы орталығында жеке үй құры­лы­сын салу жұмыстары айтарлықтай жанданды.  Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мәліметінше2014 жылдың І жартыжылдығында жалпы алаңы 2359 шаршы метр  тұрғын үйлердің құрылысы салынып, пайдалануға берілсе, биылғы 6 айдың ішінде 2804 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Құрылыс әсіресе Жаңақаланың батысында орналасқан «Болашақ» шағын ауданында қарқынды. Жеке үйлер мен қатар екі қабатты зәулім үйлердің қатары артып, жаңа көшелер бой көтеруде.

Аудан орталығында 630 жер телімін газдандыру жұмыстары орындалып, оны мердігер «Кварц»ЖШС-і жүргізуде. Жобаның жалпы құны -131644,8 мың теңгені құраса, қуаттылығы 27,4 километрді құрады. Өткен жылы бұл жұмыстарға 67233,8 мңтеңге қаржыбөлініп, 630 жер учаскесіне газ құбыры жеткізілсе, биыл қалған 64382,0 теңге қаржы бөлінді. Нә­тижесінде газбен және электр же­лілерімен жабдықтау жұмыс­та­ры толығымен аяқталады деп жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале