23.09.2015, 20:27
Оқылды: 42

Жаңақалада «Үздік көше» анықталды

Janakala yzdik koshe    Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Үздік мекеме», «Үздік аула», «Үздік көше» байқауы жарияланған болатын. Байқау барысында арнайы комиссия құрылып, ең үздіктерін анықтап берді. Соның ішінде «Үздік көше» бағамы бойынша үздік деп Ұзақбай Рахматуллин көшесі танылды.

Көшеден бұрын Ұзақбай атамыздың есіміне тоқталсақ. Көп жылдар аудандық газетте (қатардағы тілшіден-редакторға дейін) қызмет атқарған, аудан әкімдігінде де елеулі еңбек еткен, кішіге ізетін, үлкенге құрметін көрсетіп өткен,  елінің біртуар Ұзақбай сынды ұлын көше тұрғындары да ерекше мақтаныш етеді.

Үздік көшені анықтауда комиссияның басты назарға алғаны алдымен тазалық болды. Сосын абаттандыру деңгейі, халқының ұйымшылдығы және қоғамдық шараларға білек түріп, белсене қатысуы. Осы тұста Ұ.Рахматуллин көшесі тақтайдай тас жолы болмаса да, салт-дәстүрге сақадай сай халқыменен, әр істе ауызбіршілік танытатын жұғымды жұртыменен өзгелерден көші ілгері, алда екенін көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале