7.07.2015, 20:12
Оқылды: 19

Жаңақалада үш мектеп пайдалануға беріледі

Janakala 3 mektep  Биылғы жаңа оқу жылы Жаңақала ауданы тарихында ерекше жазылатын қуаныштармен басталғалы отыр. Оған себеп – үш бірдей жаңа мектеп ғимаратының пайдалануға берілетіні.

Біз бүгінге дейін ауданымызда құрылысы басталып, жүргізіліп жатқан мектеп ғимараттары туралы қайталап жазып, аудан, облыс тұрғындарын хабардар етіп келген едік. Олар – жобалық құны 1 148172 мың теңге болатын құрылысын «Тасқала Транс Газ» ЖШС жүргізіп жатқан аудан орталығындағы 600 орындық мектеп пен 100 төсектік жатақхана, Сарыкөл ауылындағы құрылысын «Bema servuces» ЖШС қалап жатқан жобалық құны 242 млн. теңге болатын 108 орындық және Жуалыой ауылындағы жобалық құны 252 млн. теңге болатын 108 орындық (құрылысын «Алаш ҚК» ЖШС жүргізуде) мектептер еді.

Міне, енді мердігерлер келісілген мерзімге құрылысты аяқтап, пайдалануға бергелі отыр.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ Ақбасов

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале