26.09.2015, 16:09
Оқылды: 43

Жаңақалада өрт оқиғасы орын алды

Janakalada ort okigasi orin aldi     Жаңақала ауданы орталығында өрт оқиғасы орын алды. Құрбан айтты тойлап жатырған жұрттың назары аспанға көтерілген будақ-будақ  түтін мен  лаулап жатырған қызыл отқа түсті. Көзімізбен көріп тұрғасын қарап тұруды жөн санамай қасына барған едік. Опасыз отқа оранған әлі салынып бітпеген қамыс үй екен. «Өрттің қалай  тұтанғаны, үйдің неден кеткені» белгісіз дейді жергілікті тұрғындар.  Алайда адам қолынан абайсызда не болмаса қасақана жасалуы да кәдік. Бұны жауапты адамдардың құзырына қалдырдық.

Тілсіз жаудың тасжүрек келетінін білсек те,  тас түскен жеріне ауыр ғой. Қайта аудандық өртке қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері  дер кезінде жетіп, өрт қаулаған үйді шұғыл оттан арашалап алды.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале