24.06.2015, 20:49
Оқылды: 15

Жаңақалада өрт оқиғасы тіркелді

ZH   22 маусым күні түнгі 2.50шамасында Жаңақала ауданындағы Қырқопа ауылында өрт оқиғасы орын алғандығы жөнінде Жаңақала аудандық  №14 өрт сөндіру бөлімшесіне тіркелді. Төтенше жағдай бөлімінің берген мәліметі бойынша қызыл жалын өрт оқиғасы салдарынан ауыл тұрғыны Ж. деген азаматтың жалпы көлемі 200 ш.м шаруашылық құрылыстары, «Талғат» шаруа қожалығының 1 асылтұқымды бұқасы, шаруа қожалығының 1 асылтұқымды бұқасы, 30 бас қой, 41 бас ешкі, 45 тонна шөп, 150 ш.м құрайтын шаруашылық құрылыстары, Қ. Есімді азаматтың 2 бас бұзауы, 6 бас лақ, 5 бас қозы мен 120 ш.м шаруашылық құрылыстары, К. Есімді азаматтың ИЖ мотоциклі, құрылыс материалдары мен 72 ш.м шаруашылық құрылыстарын жалмаған.

Өртке 40 адам, 5 автомашина жұмылдырылып, тілсіз жауды түскі 14.30да ауыздықтаған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен кінәлі тұлғаларды  анықталуда Жаңақала ауданының ТЖ қызметкерлері және Жаңақала ІІБ жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале