16.02.2016, 10:21
Оқылды: 17

Жаңақалада өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Janakala ort ailigi    2015 жылы Жаңақала ауданы бойынша 14 өрт оқиғасы орын алды. Оның ішінде 9-ытұрғын үй жайларында болса(сарай, монша, аула-қора, т.б.), 2 өрт тұрғын  үйге және 3 өрт автокөлікке тиесілі. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Жаңақала аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруыментұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығыөтуде.


Онда аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары әр ауланы аралап, тұрғындармен жүздесіп, үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерінің жиі кездесетін бұзушылықтары, атап айтқанда, жылыту пештерін дұрыс орнатпау және ақаулы күйінде пайдалану, қолдан жасалған газ қондырғыларын қолдану, пеш ошақтарына орнатылған горелка автоматтарының ақаулығы, электр сымдарын зақымданған күйінде пайдалану, зауытта дайындалмаған электр жылыту приборын қолдану сияқты өзекті тақырыптарда әңгімелесу-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда.

   Айлық наурыздың басында қорытындыланбақ.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале