12.05.2016, 15:11
Оқылды: 22

Жаңақалада "Coffelove" асханасы ашылды

ashanaЖаңақала ауданы орталығында жаңақазандық Алтынбек Молдашевтың "Coffelove" шағын асханасы өз жұмысын бастады. Демалыссыз, ертеңгі 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін келушілерге есік ашық.


Алғаш ас дайындауды әжесінен үйренген Алтынбек бала кезден аспаз болуды армандаған екен. «Мамандықтың жаманы жоқ. Ең бастысы, еңбекпен келген нан тәтті» деген әже сөзі санасында сақталған ол мектепті аяқтаған соң, Орал қаласындағы №2 кәсіптік колледждің «Аспаз» мамандығына оқуға түседі. Алғашында қаладағы мейрамханаларда аспазшының көмекшісі болып қызмет атқарды. Кейін Москва қаласына арнайы барып, білімін жетілдіру мақсатында «Алиса» аспазшылар дайындайтын курстың шеберлік сыныбынан өтіп қайтты.

ashana (1)Елге келіп, осы кезге дейін «Қамыс Самар» мейрамханасында бас аспаз болып істеп келген жас жігіт өз дәмханасын ашуды ұйғарды. Сөйтіп, жол бойында орналасқан Сапар Төлеуғалиевтің сауда орталығынан орын жалға алып, ойына алған ісін бастап кетті. Жинақтаған тәжірибесіне сүйеніп, асханадағы дастархан мәзірін дайындау, қызмет көрсету жұмыстарын өз мойнына алды.

-Бұл асхананы ашудағы басты мақсатым - өзімнің тәжірибемді мақсатыммен ұштастыру арқылы жеке кәсібімді ашу. Аудан тұрғындарының көңілінен шықсам деймін. Асханада ыстық тағамдардың бірнеше түрін дайындаймын. Сонымен қатар кешкі уақытта жастардың кофе ішіп, пицца жеп, ішімдіксіз көңіл көтеретін орны болатынына сенемін,- дейдіАлтынбек.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале