28.03.2016, 18:11
Оқылды: 25

Жаңақалалықтар ерен ерін еске алды

 Janakala futbol   26 наурыз күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақала мектеп-гимназиясының спорт залында белгілі қоғам қайраткері, аудандық партия комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Сатқали Сапаровты еске алуға арналған IV шағын футболдан ауыспалы аудандық ашық турнир өткізілді. Ашық турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары А.Бекетқызы, Д.Закарин, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, турнир иесінің ұрпақтары және басқалары қатысты.


    Турнирдің шымылдығын түру үшін құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей тұрып, елі үшін еңбек еткен ерлердің есіміешқашан да ел жадынан өшпейтінін жеткізді. Бұдан әрі Сатқали Сапарұлымен әріптес, замандас болған ардагер Нәсіпқали Мақанов ортаға шығып есте қалған естеліктерімен бөлісті. Сосын Сатқали Сапарұлы қорының төрағасы Фазыл Сатқалиұлы сөз алып, қонақ командаларға «қош келдің» айтты.

     Қызық әрі тартысты өткен жарыста 13 команда бақ сынады. Айта кетсек, дайындықпен келген ойыншылар бар өнерлерін ортаға салып, шебер ойындардың өрнегін көрсетті...

    Төрт топқа бөлінген командалар арасынан аудандық сот құрама командасы шешуші кездесуде №3 ЖОББҚМ командасын 4:2 есебімен ұтып, ауыспалы кубог пен ақшалай сыйлыққа (70000 теңге) ие болды.II орынды №3 ЖОББҚМ командасы (50000 теңге), III орынды Пятимар ауылдық округі командасы (30000), IV орынды жеңіске деген жігерлігі үшін Тасқала аудандық командасы иеленді. Сонымен қатар, ашық турнирдің «Үздік ойыншы» бағамы бойынша №3 ЖОББҚМ командасының ойыншысыМедет Бижанов, «Үздік қақпашы» бағамы бойынша аудандық сот командасының қақпашысы В.Лазеров марапатталды.

    Шараның соңында барлық жүлдегер командаларға арнайы медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале