19.07.2016, 12:05
Оқылды: 44

Жаңақалалық домбырашылардың жеңісі

Жаңақалалық домбырашылардың жеңісіЖақында Орал шаһарында «Делфийлік ойындар – Қазақстан халқы өнерінің жоғарғы форумы» атты Батыс Қазақстан облысы жастарының ашық XII Делфийлік ойындары өтті. Дүбірі алыстан естілген байқауға Жаңақала ауданынан белгілі домбырашы, тұлпарды тай кезінде танитын ұстаз Ертай Ғұбайдуллиннің шәкірттері қатысып, топ жарды. Байқауда «Домбыра» номинациясы бойынша бақ сынаған Мұханбидяр Таңатаров жүлделі III орынды еншілесе, Ақеділ Ұзақов I орынның даусыз иесі атанып, лауреат атағымен қоса республикаға жолдама жеңіп алды.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале