2.03.2016, 16:51
Оқылды: 33

Жаңақалалық жастар Елбасына алғыс айтты

Janakala jastari elbasina algisin aitti   «Нұр Отан» партиясының ғимаратында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Елбасына алғысымыз шексіз» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Оған «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ж.Нұрманұлы және мамандары, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй алған жас мамандар, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен жұмысқа орналасқан жас мамандар қатысты.


Дөңгелек үстелді жүргізген «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының бірінші орынбасары Р.Аманғалиұлы «Алғыс айту» күнінің мәні мен маңызын тоқталып,«Партия күні» екенін еске сап, «Нұр Отан» партиясының басым бағыттары мен жеткен жетістіктерін баяндады. Содан соң партияның белсенді мүшелеріне алғыс жариялап, нұротандықтардың қатарына қабылданған бірқатар кәсіпкер азаматтарға партия билеттерін табыстады. Сондай-ақ жастар мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жұмысымен таныстырған басшысы Ж.Хайрелов бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізіп, белсенділігі төмен жастармен (оқымаған, жұмысы жоқ) жұмыс жасап, оларды оқытуға, бизнеске тартуға ықпал ететінін жеткізді. Сосын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспана алған Қ.Хасанов, Е.Қаратаева, Айбек Ихсановтар жастар атынан Елбасына, өңір басшыларына жүрекжарды тілектерін білдіріп, зор алғыстарын айтты.

Дөңгелек үстел пікір алмасумен қорытындыланды.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале