25.03.2016, 15:20
Оқылды: 19

Жаңақалалық жас балуандар облыстық турнирден жүлдемен оралды

Janakala kyres   Бөрлі ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазақ күресінен 2002-2004 жылғы және 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті. Турнирге Ақтөбе, Орал қаласынан, Зеленов, Шыңғырлау, Теректі, Сырым, Бөрлі, Жаңақала аудандарынан жас балуандар қатысты.


Бәсеке жоғары дәрежеде болды. Айта кетейік, бұл сында З.Батыров баптаған біздің балғын балуандар жеңістің биік тұғырынан көрініп, қомақты жүлделерге иелік етті.Атап айтсақ, 35 келі салмақта сынға түскен Ж.Тілекқабылов, 50 келі салмақта Н.Жұмағұлов, +50 келі салмақта Р.Жұмағұлов, 42 келі салмақта Е.Өтегеновтер жарыстың жеңімпазы атанды. С.Самигуллин, Р.Дүйсеков, А.Меразат, З.Саматов, Д.Мирамғалиевтар II орыннан көрінді. Е.Ізбасаров, Н.Ерғалиев, М.Рысқалиев, Н.Қуановтарға III орын бұйырды.

Күрес спортмен айналысып жүрген жеткіншектерге алдағы уақытта жетістіктерге жете беріңдер дейміз.

  www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале