8.07.2016, 17:48
Оқылды: 27

Жаңақалалық жас өрен Астанадан жеңіспен оралды

жас өрен         Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылындағы Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Айбатыр Миразат 6 шілде Астананың туған күнінде бас қаламызда өткен "Ұлы дала" халықаралық дарынды балалар байқауында "Қазақ поэзиясы жəне прозасы" аталымында мəнерлеп оқудан 2-орынды иеленді.


Республикалық «Тiл» ақпараттық-сараптамалық журналы ұйымдастырған бұл халықаралық байқауға ең алдымен үміткерлерге бейнетаспаға өлең оқып жазып жіберу жүктелген болатын.
4-6 шілде күндері республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 40 шақты өрен Астанадағы «Қазмедиа» орталығындағы ақтық бəсекеде бақ сынады. Айбатыр сайыста Сəбетай Сыпатаевтың "Мен қазақпын" поэмасынан үзінді және Асылбек Ишановтың «Қазағым» өлеңін оқыды.

Жеңімпаздар Астананың туған күнінде гала концертке қатысып, марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ
Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале