3.09.2015, 9:00
Оқылды: 19

Жаңақалалық кәсіпкерлер белсенділік танытуда

Janakalalik kasipkerler belsendilik tanituda  Жаңақала ауданында аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған республикалық «Мектепке жол» акциясының үшінші онкүндігі қорытындыланды. Үшінші онкүндік қорытындысында мекемелер, ұйымдармен қатар жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары демеушілік көрсетіп, акция аясында белсенділік танытуда. Атап айтсақ, «Теміршәріп» ШҚ 45000 теңгеден 6 балаға, «Болат» ШҚ 20000 теңгеден 2 балаға, жеке кәсіпкер Ә.Салимов 20000 теңге, аудан әкімі аппараты бір отбасының 3 баласын 50000 теңге көлеміндегі қаржыға киім-кешекпен қамтыса, Қырқопа ауылының жеке кәсіпкері А.Абилова 40000 теңгеге бір отбасының 2 баласына мектепке қажетті толық оқу құралдары мен спорттық киім сыйласа, Қызылоба ауылдық округі бойынша «Санат» ШҚ 100000 теңгеге 10 балаға, «Хафиз» ШҚ 200000 теңгеге 15 балаға, «Құмар» ШҚ 100000 теңгеге 9 балаға, «Айдар» ШҚ 50000 теңгеге 2 балаға көмек көрсетіп, оқу құралдары мен мектепке арналған киім-кешекпен толық қамтыды.

Жалпы аудан бойынша «Мектепке жол» акциясының тамыз айындағы есебі бойынша барлығы 790 балаға 4228500 теңге көлемінде бюджеттен тыс қаражат есебінен материалдық көмек көрсетілді.

Акция жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Н.Есетова

Жаңақала ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале